• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2021

Алматы облысы: Орынбасарлар «Спутник V» екпесін салдырды

144 рет
көрсетілді

Алматы облысына ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы легі келіп, Талдықорған қаласындағы №1 емханада еріктілер мен міндетті екпе алушылардың бір тобына екпе жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жалпы, екпені салудың  алғашқы кезеңінде 1450  адамға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салынбақ. Қазір осынша көлемдегі екпе дозасы облысқа жеткізілген. Егу кезегінде Еңбекшіқазақ, Қарасай, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласындағы медицина мекемелерінің қызметкерлері тұр.

Ал екпе салдыруға еректі түрде келген шенеуніктер арасында облыс әкімінің екі орынбасары мен денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары және облыстық санитарлық  эпидемиялық  басқармасы басшысының орынбасары бар. Ресейлік «Спутник V» вакцинасына салдыруға келген еріктілер алдымен дәргерлік текеруден өткен. Екпені алғашқы болып салдырған облыс әкімінің орынбасарлары Батыржан Байжұманов пен Рустам Әли 30 минут бойы дәрігелердің бақылауында болды. Сынақ мерзімі өткеннен кейін олар журналистерге арнайы сұхбат беріп, вакцина салдырудың маңызына тоқталды.

– Облыс аумағына «Спутник V» вакцинасының 1450 дозасы әкелінді. Қазір облыстық қан орталығында тиісті ауа температурасымен жабдықталған орында сақтаулы. Екпенің алғашқы кезеңі облыстың 4 ауданында басталды. Негізінен медициана қызметкерлеріне, оның ішінде жұқпалы аурулар ауруханасынң қызметкерлеріне алдымен салынады. Ондан кейін вакциналау ісі білім беру саласын бойынша жалғасады. Жалпы, екпе жұмысы толық қадағалауда болады. Еріктілер мен екпе салдыруға міндетті қызметкерлердің денсаулығы жіт тексеріледі. Дене қызуы бар,  қан қысымы жоғары, қант диабеті, жүрек сырқаты, өкпенің созылмалы кеселі, обыр, бүйрек жеткіліксіздігі сияқты ауру белгісі анықталған және жүкті әйелдерге вакцина салынбайды. Мен өзім де екпе салдырдым. Қазір жағдайым жақсы. 21 күннен кейін екінші екпе салдырмақпын, – дейді облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли.