• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2021

Ауыл ішінде тұрғындарға қасқыр шапты

1225 рет
көрсетілді

Күршім ауданына қарасты тау бөктеріндегі Маралды ауылының тұрғындарына қасқыр шапқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаман ауыз Маралды ауылындағы бір үйдің ауласына түскен. Сол кезде мал қамауға шыққан әйел мен оның 8 жастағы баласына тарпа бас салған екен. Қора іші азан-қазан болғанын естіген отағысы қолына айыр алып тұра ұмтылған. Қарсы келген көкжалды сол жерде шаншып өлтіреді.

Ал қасқырдың тісі батып үлгірген баласы мен жұбайына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілген. Түз тағысы сараптама үшін ветеринария зертханасына жөнелтілген.

Ауылдықтардың айтуынша, бір апта бұрын тағы қасқыр кірген екен. Балалары үшін үрейленген халық ауылдағы екі аусыммен оқитын сабақты тек таңертеңге ауыстыруды өтінген. Аудандық білім бөлімі бірден тұрғындардың өтнішін орындады. Ал зардап шеккен баласы мен анасы ауруханада жатыр.