• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2021

Алматының дәрі-дәрмек нарығындағы жағдай тұрақты

129 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен Алматы стационарларының, емханалары мен дәріханаларының дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыздығына апта сайын мониторинг жүргізіліп отырады, деп хабарлайды Еgemen.kz

Бүгінгі күні, коронавирус инфекциясын емдеуді талап ететін препараттар қаланың барлық дәріханаларында бар. Қамтамасыздық шамамен 90%-ды құрайды, дәріхана қоймаларында 1 миллионнан астам (1 037 мың) емдеуді талап ететін препараттар бар.

Бұдан басқа, нарықты толықтыру үшін Тұрақтандыру қоры қаражаттарының есебінен қала дәріханаларына дәрі-дәрмек препараттарын жеткізу жалғасын тауып отыр. Қазіргі уақытта, әкелуге жоспарланған 40,1 млн. дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалаға жеткізілгені 47,2 млн. (118%), 23,4 млн. сатылды, қолдағы бары 23,8 млн. оның ішінде, азайтылмайтын қалдығы 8 млн. Осылайша, қалада нақтылықтың екі айлық қоры қалыптастырылды.

Қала дәріханаларының медициналық бетперделермен қамтамасыздығы 95%-ды құрайды. Алматыда 6 ірі отандық компания жұмыс істейді, оның бірлескен өндірістік қуаты күніне 1 млн бетпердені құрайды. Бұдан басқа, 15 жабдықтаушы бар, бүгінгі күні, оларда 26,2 млн бетперде бар. Қала дәріханаларына бетперделер күн сайын келіп түседі.

Қоймаларда шамамен 456 мың термометр, оның ішінде, дәріханаларда – 7 590 дана, жабдықтаушыда (БИОЛА) 448 245 дана бар. Ақпанда қосымша 150 мың термометр жеткізіледі деп күтілуде.

Жалпы алғанда, Алматыда дәрі-дәрмекке, сондай-ақ медициналық бетперделерге деген жоғары сұраныс байқалмайды. Жағдай тұрақты.