Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кеше Атырау қаласында 135 адамның «Спутник V» вакцинасын салдырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Еgemen.kz
«Мәселен, № 3 қалалық емханада 55 адам, Геолог кентіндегі емханада – 70, ал, № 2 облыстық ауруханада 10 адам екпе салдырды. Екпе алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінді. Бәрінің денсаулығы қалыпты, вакцинаның жанама әсері байқалған жоқ», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.