• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Ақпан, 2021

Атырауда жоғалған келіншек бір күннен соң табылды

509 рет
көрсетілді

Атырауда 3 жасар қызымен бірге жоғалып кеткен 25 жастағы келіншек бір күннен соң табылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Құрманғазы ауданында тұратын 25 жастағы келіншек Атырау қаласына таксимен келген екен. Ол 30 қаңтарда «Өркен-1» шағын ауданынан шығып, «Вокзал маңы» шағын ауданына бармақ болған. Қасына 3 жастағы қызын ерткен. Алайда туыстары оның қызымен бірге  жоғалғаны туралы полицияға хабар беріпті.

«Туыстарынан түскен шағымға байланысты жоғалған келіншек пен қызын іздестіру іс-шарасы қолға алынды. Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері облыс орталығының шағын аудандарындағы көше орамдарында орнатылған бейнекамералармен бақылау жүргізді. Соның нәтижесінде 31 қаңтарда  кешкі сағат 22:05 шамасында «Алмагүл» шағын ауданында орналасқан  №6 үйдің маңынан іздестіру жарияланған азаматша мен оның қызы табылды», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.