• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2013

Сенім грамотасын тапсырды

261 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті Елшісі Марат Есенбаев корольдіктің мұрагер ханзадасы Маха Ватчиралонгкорнға сенім грамотасын тапсырды.

 

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті Елшісі Марат Есенбаев корольдіктің мұрагер ханзадасы Маха Ватчиралонгкорнға сенім грамотасын тапсырды.

Өткен рәсім барысында М.Есенбаев ханзадаға Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуы және «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберіндегі елдің болашағы туралы хабардар етті.

Мұрагер ханзада қазақстандық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, қазақ-тай ынтымақтастығының серпінді дамитынына және екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нығаятынына сенім білдірді.

Таиланд тағының мұрагері Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай ізгі ниетті құттықтауын жеткізіп, одан әрі өсіп-өркендеу мен амандық тіледі, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар