• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2021

Махамбет ауданында 10 жаңа кәсіпкерлік нысан іске қосылды

121 рет
көрсетілді

Олардың қатарында «Шырын өндіру цехы» бар. Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай​ айтты» деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

«АтырауАгроӨнімдері» ЖШС-нің неміс құрылғыларымен​ қамтылған инновациялық жоба қуаты - тәулігіне 2 тонна алма, 1,5 тонна лимон шырынын және 1,5 тонна квас өндіруге шақталған. Цехта тағы 8 жаңа жұмыс орындары құрылады. Жалпы, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында, қаржы институттары арқылы 762 млн. теңгеге 112 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 140 жұмыс орны құрылды» деп нақтылады спикер Мұқаш Зұлхарнай.   «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 2 кәсіпкер 16 ​ млн. теңге несие алып, 5 кәсіпкер 10 ​ млн. теңге грантқа ие болды.   «Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы аясында 112 млн. теңгеге 17 жоба қаржыландырылды.