• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Парламент 02 Ақпан, 2021

Каспий теңізіндегі заңсыз балық аулауға қарсы күрес шаралары талқыланды

159 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Каспий теңізіндегі қызметті реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі өзгерістердің бірі - аумақтағы судың көрсеткіштерін қайта қарау болып отыр. Қазақстан Республикасының құзырына қарайтын теңіз белдеуінің ені, оның түбі, қойнауы және әуе кеңістігі 12 теңіз милінен 15 теңіз миліне дейін кеңейеді.

«Заң жобасын қабылдау мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға, сондай-ақ қолданыстағы құқықтық тетіктерді, оның ішінде шекара аймағында белгіленген тәртіптің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Балық шаруашылығы да назардан тыс қалмайды. Заңда жануарлар әлемін қорғауды қамтамасыз ету үшін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияда көрсетілген заңсыз балық аулауға қарсы күрес ережелері де белгіленген.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасын палатаға ұсынды.