• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 02 Ақпан, 2021

Шымкентте 2025 жылы кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек

538 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 18-і кәріз жүйесімен қамтылған. Қалған аймақтарды қамту жұмысы кезең-кезіңмен атқарылып жатыр. Биыл қалада 19 нысанда құрылыс басталған. Соның ішінде 3 магистралдық коллекторының 19 ішкі орамдық жүйесі бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Өткен жылы қалада Шымсити, Тұран, Тоғыс шағын аудандары мен «Әкімшілік іскерлік орталығындағы» көпқабатты үйлер кәріз жүйесіне қосылды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 49,1%-дан 52,3%-ға өсті.

Биыл 5 нысанның құрылысы аяқталып, 18 мың адам кәріз жүйесіне қосылады. Жыл соңына дейін қамтылу көрсеткіші 54%-ға өседі.

Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар аяқталса, 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетеді.