• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Ақпан, 2021

Елордада карантинге қатысты жаңа қаулы шықты

742 рет
көрсетілді

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың карантин жөніндегі жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа қаулы талаптарына сәйкес, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салынған.

Міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат. Бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтардан басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салынады.

Қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар, компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруы шектеледі. Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау керек.