Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды. Бұл туралы «Отбасы банк» Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
- Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті, - дейді салымшы.Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы Отбасы Банкінен шешуді ұйғарған.- Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым. Ипотеканы Отбасы Банктегі аралық заем арқылы рәсімдедім. Себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады, - деді ол.Салымшының айтуынша несие бойынша мақұлдама тез берілген. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алып, несиені рәсімдеуге көп уақыт жұмсамаған.