• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Ақпан, 2021

Нью-Йорктегі қазақ полицей бокстан жекпе-жек өткізеді

416 рет
көрсетілді

Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов АҚШ-тың Майами қаласында кәсіби бокстан кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Менің кәсіби бокста рингке шықпағалы біраз болды. Себебі емделдім. Қазір бәрі қалпына келді, өзімді жақсы сезінемін. Осы орайда қуанышты хабармен бөліскім келеді. Жуырда менде жекпе-жек болады. Бокс кеші алдағы 20 ақпанда Флорида штатының Майами қаласында өтпек. Қарсыласым колумбиялық Джонатан Терес деген боксшы. Бұйырса Қазақстанға тағы бір жеңіс сыйлайтын боламын», деді Д. Нияз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен онлайн өткен баспасөз мәслихатында.