• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2021

Алматының әкімі мегаполистің цифрлы телевизияға толық көшкенін мәлімдеді

140 рет
көрсетілді

Ендігі жерде Алматыда баламалы хабар тарату тәжіибесі толығымен тарих қойнауына енді десе де болады. Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында цифрландырудың жаңа кезеңінің бастау алуымен аналогтық хабар таратудың  тарих қойнауына енетінін атап өтті.

«Жобаны кезең-кезеңмен іске асыру кезінде Алматы мен облыстағы 90 цифрлы радиотелевизиялық станса пайдалануға берілді. Бұл – 3,8 миллионнан астам тұрғыны бар 736 елді-мекенді цифрлық эфирлік телехабар тарату жүйесімен қамтуға мүмкіндік ашты», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Цифрлық стандарт отандық телеарналардың хабар тарату үлесін ұлғайтып, елдің ақпараттық ресурсына тең құқықты қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұған дейін 4-5 телеарнаның орнына қазақстандық 30-ға жуық  телеарнаны таңдауға мүмкіндік бар. Бұл ретте қымбат спутниктік табақты орнатудың да, кабельдік операторға ақы төлеудің де қажеті жоқ. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар сигнал қабылдағыштар арқылы тегін қамтамасыз етіледі.

«Цифрлы» режимге көшудің ресми рәсімі «Көктөбе» телемұнарасында өтті. Ол республикадағы ең биік және тек Алматы аумағын ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы 200 елді мекенді цифрлық сигналмен қамтиды. Бұл Алматы облысы тұрғындарының 40%-ын құрайды.

 

 

АЛМАТЫ