1 ақпан. Бұл шығысқазақстандықтар үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Бұл күні Бұқтырма су қоймасынан Күршім ауданына өтетін көпірдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
«ОблШығысжол» ЖШС директорының орынбасары Айдар Мамиевтың айтуынша, қазіргі уақытта геодезиялық, электр желісін тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар ауыр техникалардың жүріп тұруы үшін арнайы жол салынады. Әзірше, алғашқы жұмыстарға бес жүк көлігі, екі бульдозер, екі грейдер тартылған.
Одан бөлек көпір құрылысын жүргізетін жұмысшылар үшін 250 орындық жатақхана мен құрылыс қалашығы бой көтереді.
Шығыс Қазақстан облысы