• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2021

Түркістан облысында 600-ге жуық медицина қызметкері екпе салдырды

234 рет
көрсетілді

Екі тәулік ішінде облыста 572 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірге ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 1300 дозасы жеткізіліп, барлық аудандарға таратылды. Өңірде ерікті түрде вакцина салу кезең-кезеңмен жүріп жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында коронавирус індетіне қарсы 20 екпе егу нүктесі ашылған. Сонымен қатар вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылған. Бүгінде Covid-19 қарсы вакцина егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген.

1 ақпаннан бастап жұқпалы індетке қарсы ерікті түрде екпе салу науқаны басталды. Вакцина ең алдымен инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына салынады. Яғни, жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімі, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханалардағы мамандар. Екпе қабылдаған азаматтар үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады.