• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2021

Шымкенттегі онкологиялық орталықта кешенді іс-шаралар жүргізілуде

370 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық онкологиялық орталық» МКК-нің қазіргі жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалада онкологиялық қызметті жақсарта отырып, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау, науқастардың 5 жыл және одан артық өмір сүруін арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Скринингтік және жалпы профилактикалық тексерулер өз жемісін беруде. Шымкент қаласында 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың Жол картасы шеңберінде іс-шаралар жүзеге асырылуда. 2020 жылы негізгі 11 индикатор белгіленген.

Мекеме басшысы Жақсылық Мәуленовтің айтуынша, бірінші индикатор – онкологиялық ауруларды ерте кезеңде I cатысында анықтау көрсеткіші 16,8 пайызға жетті. Жоспардан 0,8 пайызға артқан. Екінші индикатор – науқастардың 5 жыл және одан артық өмір сүруі жоспар бойынша 47 пайыз болған. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 48,3 пайызға жоғарылады. Сондай-ақ, жаңадан табылған онкологиялық ауруларды диагностикалық тексеру үшін КТ және МРТ зерттеуі бойынша «ӘМСҚ» КЕ АҚ-мен келісімшарт жасалынды. Өткен жылғы берілген 11 онкологиялық индикатордың 7-і орындалды.

Жалпы орталық ыңғайластырылған ғимаратта орналастырылған. 210 төсек орынға арналған. Оның ішінде 160 орын – ауруханалық, 30 –паллиативтік және 20 – күндізгі бөлімнен тұрады. Орталықта 6503-тен астам онкологиялық науқастар «Д» есепте тұрса, 2020 жылдың 12 айында 1216 науқас өмірінде алғаш рет есепке алынды. Мекеменің материалдық-техникалық жабдықталу көрсеткіші – 82.59 пайыз.

2020 жылы ультрадыбыстық скальпель, пациенттерді бақылаушы монитор, «CHS-1500» операциялық үстелі, ультрадыбыстық «Афинити-70», ультрадыбыстық сканерлеу «CX-50», «Простар» флюорографиялық жабдық, оттегі терапиясының жабдықтары, т.б., қажетті құралдар сатып алынды. Бүгінде орталыққа халықаралық стандарттарға сай онкологиялық емдеу көрсеткішін арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ПЭТ және сәулелік желілік жылдамдатқыш құралдарын орналастыру жоспарлануда.