• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Парламент 04 Ақпан, 2021

Каспийдегі балық аулау аймағын ұлғайтуға қатысты заң қабылданды

179 рет
көрсетілді

Каспийдің қазақстандық бөлігі 15 теңіз милін құрайтын болады. Бүгін сенаторлар осы заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатта браконьерлермен күресудің нормалары жазылған, алайда өз ісіне адал балықшыларға қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, балықшылардың жағдайы жақсарды. Егер бұрын қазақстандық кемелер теңізге күндіз ғана шыға алған болса, енді жаңа түзетулерге сәйкес тәуліктің кез келген уақытында балық аулауға мүмкіндік бар.

«Конвенцияның негізінде тиісті заңдарға ені 15 теңіз милін құрайтын аумақтық сулар туралы норма енгізіледі. Олардың сыртқы шегі мемлекеттік шекара мәртебесіне ие болады. Аумақтық суларға 10 мильдік балық аулау аймақтары қосылады. Онда әр мемлекет балық аулау бойынша айрықша құқықтарға ие. Қабылданған заң мемлекеттік шекараны берік қорғауға, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Каспийде еліміздің экономикалық мүддесін жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ заңның бірқатар нормасы су биологиялық ресурстарын сақтауға бағытталған. Жаңа нормалар біздің ұлттық мүддемізге сай келетіні сөзсіз», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бүгін қабылданған Заң экономикалық қызметті және Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараны қорғаудың құқықтық базасын жақсартуға мүмкіндік береді. Құжат  2018 жылы қабылданған Ұлттық заңнаманы, Тұңғыш Президент - Елбасының бастамасымен қабылданған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциямен үйлестіруге бағытталған.

«Заң жобасы біріккен серіктестік әрекеттерге қажетті құқықтық негіз қалыптастырады, соның ішінде экология және Каспийдің биоресурстарын сақтау, браконьерлікпен, сонымен қатар терроризммен күрес және Каспий теңізіндегі қақтығыстардың алдын алудағы өзара байланыста маңызы зор», деді Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов.