• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2021

Түркістан облысында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

288 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Шардара ауданында 746 «Алтын алқа» және 2064 «Күміс алқа» иегерлері атанған көпбалалы аналар тұрады. Күні кеше аудан әкімі Қ. Жолдыбай көпбалалылар қатарын арттыра түскен аналарға құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сіздер ауданымыздың демографиялық өсуіне ықпал ете отырып, ел тұтқасын ұстар болашақ ұрпақтарымызды тәрбиелеудесіздер. «Алып анадан туады» деген сөз бар халқымызда. Өздеріңіздей батыр аналарымыз барда жарқын елдің ертеңіне нық сенім орнайды. Мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосар азаматтарымыздың қатары көбейіп, ұлтымыздың өсімі артады», деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудан басшысы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасын табыс етті.