ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев 9 авто мен 1 теміржол өткізу пункті қайта жаңартылатынын, техникалық қайта жарақтандыру да жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Ол Өзбекстанмен шекарадағы «Б.Қонысбаев» бақылау-өткізу бекетін жаңарту жұмыстары аяқталғанын еске салды.
«Нұр Жолы» бақылау-өткізу пунктінің үлгісімен шекара кептеліс туғызатын учаскелерінде мобильді қосымша арқылы кезекті алдын-ала брондауға мүмкіндік беретін «Электронды кезек» жүйесін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ навигациялық пломбаларды енгізу кеңейіп келеді, бұл көлік ағындарын бақылауға және жалған транзит фактілерін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Сұлтанғазиев.