• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2021

Оралда қос қыз түтінге тұншыға жаздады

224 рет
көрсетілді

Орал қаласындағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерде өрт шығып, оның түтінінен көрші пәтерде тұратын қос қыз бала тұншыға жаздаған. Құтқарушылар пәтердің темір есігін бұзып ашып, сәбилерді құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орал қаласындағы Ақотау көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты. Пәтер тұрғындары мен олардың көршілерін қауіпсіз жерге эвакуациялап жатқан құтқарушылар бір пәтерден жылаған бала дауысын естіп қалады. Ол үйде ересектер болмаған, кішкентай екі қыз ғана бар еді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар дереу пәтердің есігін бұзып, түтіннен қатты тұншығып жатқан балаларды далаға шығарды. Бұл кезде жедел-жәрдем қызметкерлері де оқиға орнына келіп тұрған еді. Абырой болғанда сәбилердің денсаулығына қауіп жоқ, тек қатты қорқып қалған екен. Өрт сөндіру қызметінің психологы балаларға психологиялық көмек көрсетті. Балаларды жедел жәрдем қызметі көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді.

Балалардың ата-анасы сәбилерді құтқарған барлық құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге зор алғысын айтуда.