• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Ақпан, 2021

Таеквондодан Олимпиадаға іріктеу турнирі тағы да кейінге шегерілді

144 рет
көрсетілді

Азия Таеквондо Одағы (WT Asia) Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының іріктеу турнирлерін кейінге шегеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Иордания астанасы Амман қаласында жоспарланған Олимпиадаға іріктеу кезеңі 2021 жылдың 14-15 мамыр күндеріне ауыстырылды. Ал паралимпиадаға іріктеу турнирі 16 мамырда өтеді.

Айта кетерлігі, бұған дейін Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 26-27 наурызда, паралимпиадаға іріктеу кезеңі 28 наурызда өтуі тиіс еді. 

Соңғы жаңалықтар