• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Ақпан, 2021

Ана мен бала орталығына қоғамдық бақылау жүргізілді

317 рет
көрсетілді

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы ауруханалар мен емханаларда дәрі-дәрмектердің жеткілікті болуын анықтау үшін мониторингтік топтың жұмысын күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы орайда «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңеспен бірлесіп Өскемен қаласында орналасқан Ана мен бала орталығында коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі қорының жеткілікті болуын қадағалау мақсатында мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ тұрғындардан желі арқылы келіп түскен өтініш негізінде Ана мен бала орталығының перзентханасында жүкті әйелдерге қызмет көрсету бөлімінің жұмыс сапасына қоғамдық бақылау жүргізіліп, жобалық кеңсе жетекшісі жас аналармен кездесу барысында, олардың қал-жағдайларын білді.