• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2021

Шымкенттегі IKOMEK орталығы 64 578 өтінішке көмек берген

334 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы «СИТУАЦИЯЛЫҚ iKomek 109» орталығы жетекшісі Азат Әміртаев 2020 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке баяндады. Есепті жиынға қаладағы бірқатар басқарма басшысы мен аудан әкімі қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық ашылғалы бері тұрғындардан 66 006 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 64 578 өтінішке тиісінше жауап берілсе, 1 428 арыз-шағым қаралу үстінде.

А. Әміртаевтың сөзінше тұрғындардан келген ұсыныс пен өтініштердің 24,7% қоғамдық көлік, 10,33% жол инфрақұрылымы, 8,57% жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері, 8,05% қатты тұрмыстық қалдықтар, 4,7% денсаулық сақтау мәселелері және 4,1% көше жарығы бойынша тіркелген.

Қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында өткен жылы орталыққа қоғамдық көлікке қатысты кез-келген сұрақтар бойынша хабарласу мүмкіндігі қосылған болатын. Осы күнге дейін қоғамдық көлік қозғалысын бақылау бойынша – 6 845, «Төлем» жүйесіне қатысты – 8 923 қоңырау келіп түскен.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ортылық жұмысына оң бағасын беріп, қабылданған өтініштердің уақытылы әрі оңтайлы шешілуін тапсырды.