Әдетте, Алматы облысындағы туризмның дамуы туралы айтқанда тіл ұшына Алакөл жағалауы алдымен оралады ғой. Әрине, бұл заңдылық. Өйткені, көл жағалауындағы демалыс маусымының қызған шағында бұл өлкенің аты әлемге таралады. Алайда, туристер қатары сиремейтін табиғаты ерекше аумақтар өңірдің басқа ауданында жеткілікті екен.
Мәселен, Ұйғыр ауданындағы демалыс орындарына келушілердің саны жылдан жылға өсіп, нағыз демалыс аймағына айналып келе жатыр.Былтыр Қарадала жазығындағы табиғи ескерткіштер мен ыстық су көздеріне келген саяхатшылар саны 62 500 адамға жеткен екен. Нәтижесінде, қызмет көрсетуден түскен табыс көлемі 310 500 000 теңгеге жетіпті. Алақандай аудан үшін бұл аз олжа емес. Ал аумақтың туризмді дамтытып, табысты арттыруы мүмкіндігі бар. Соның бірі ретінде аудан аумағындағы геотермал су көздерінің тартымдылығын айтуға болады. Жер астынан шығатын ыстық судың емдік қасиеті жоғары екені ғлыми негізде дәлелденген. Оның шипасы су құрамының минералдарды қоспаларға бай болуында болса керек. Ал аудан үшін осы жер асты суы жыл он екі ай бойына жұмыс орынын ашып, өңірлік туризмді дамытудың да жаңа мүмкіндігі екені анық. Өйткені, бұл жердегі жұмыс, яғни демалыс маусымы қоңыр күзден басталып, күн қатты ыситын жаз айларына дейін қызады екен. шыққанша шомылуға болады. Сондықтан шығар, мұнда келушілер легі жыл сайын артып отыр.
- Табиғаттың бұл сыйы – ауданымыздың бағына біткен ырыс қой. Оның үстіне медицинада геотермалды судың ағзаға да, бұлшық ет пен сіңірді қыздыруға да пайдасы зор екені дәлелденген екен. Демек, дертке дәру, жанға шипа деген сөз. Екінші жағынан, табыс көзі. Осы өңірге келіп, ыстық судың ырысын көріп, тыныққандардың басым бөлігі шетел асып, қаржыны сыртқа шашқанша өз елімізде демалып, мемлекетіміздің экономикасын нығайтқан әлдеқайда артық екенін айтады. Сондай-ақ мұндағы демалыс орындары жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Жақында аудан әкімінің есебінде өлкемізде тағы да бірнеше ірі қонақ үй мен демалыс орындары қолданысқа беріледі деп айтылды. Яғни, елдің жағдайы бұдан әрі жақсара түсетініне сенімдіміз, - дейді Ұйғыр ауданы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ноғайбек Дәуренбеков.
Айтса айтқандай, ауданда осы табиғи су көздерінің айналасында ғана үлкенді-кішілі ісін дамытып, келушілерге қызмет көрсетіп отырған демалыс орындарының саны 53 нысанға жетіпті. Бәсекеге қабілетті болуы талабы күшейген қазіргі кезеңде бизнестің мұндай түріне қойылатын талаптың қатал екені түсінікті. Демек күн тәртібінде өңірдің негізгі туристік тартымдылығына айналған ыстық су көздерін пайдалану арқылы табыс тауып, жұмыс орынын көбейтіп қана қоймай, заманауи туристік мәдениет пен қызмет көосету ортасын қалыптастыру міндеті тұр. Бұған қоршаған ортаны қорғау мен инфрақұрлымды жасау сияқты негізгі талап және қосылады. Діттеп келгенде Ұйғыр ауданы аумағындағы геотермалды су қорының маңызы әлі де артып, әлем деңгейіндегі демалыс орындарының қатарына қосылаты нкезең келе жатқандай. Әрине, оған мемлекеттің де мүдделі болып, нақты қолдау көрсетуі қажет-ақ.
Жалпы, ауданда туризмді дамытудың ыстық су көздерінен де басқа мүмкіндігі жеткілікті. Мәселен, Қарадалаға табағы тиген адамның жол бойындағы Шарын шатқалы мен Ерен тоғайға соқпай кетуі сирек. Әрі бұл екі табиғи орын да қалыптасқан тристік нысан қатына жатады. Бұл іспен қазір Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат паркі айналысуда. Ұлттық парк құрамына Шарын шатқалы, Қамалдар мен аңғарлар, Үлкен Бұғыты тауы және Сарытоғай, Ерен тоғайы сияқты табиғи демалыс аумағы кіреді екен. Әрине, мекеменің негізгі міндетіне табиғи кешендерді қорғау, сақтау, зерттеу және қалпына келтіру, ғылыми жұмыстарды жүргізу мен қатар экологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру мен қоршаған орта туризмін дамыту да кіреді. Бүгінде парк аумағына арнайы келетін адамдар үшін 4 туристік бағыт жасалған екен. Жалпы ұзындығы 49 шақырымға созылатын бұл маршрут бойынша Шарын шатқалын, сол маңдағы ескі бейіттер мен қорғандарды, әлемде сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі сақталған Ерен тоғайды көріп, аралап шығуға болады. Келуішілер үшін қолайлы жағдай жасау да жақсарып, жыл сайын инфроқұрлым дамуда. Қазір бұл туристік маршрут бойында 3 қонақ үй, балар лагері және арасан кешені жұмыс істейді. Жаз маусымында 52 жолаушы түнеп, демалатын киіз үй тігіледі екен. Ұйымдастырушылар автотұрақ, көріністі тамашалау алаңы сияқты қажетті дүниелерді салып, ыңғайлы қызмет көрсетуге бейімделуде.
Айтпақшы, дүниежүзі бойынша дәл осы Шарын тектес шатқал Солтүстік Америкада ғана бар. Сол себептен алып даладағы терең құзды көріп, тамашалауға ел ішінен бөлек, шетелден де адамдар легі жиі келеді. Ал Ерен тоғайы туралы әңгіме тіптен бөлек. Деректер бұл Ерен тоғайы сонау неоген кезеңінен сақталып қалған табиғат сыйы екенін айтады. Таңғажайып тоғайды картадан іздегендер Іле өзенінің сол жақ саласы мен Шарын өзенінің ортаңғы ағысының тұсынан, Сарытоғай ауылының маңынан тауып, көре алады. Тек, бұл керметті көзбен көру керек. Ерен тоғай Қазақстандағы өсімдіктер дүниесінде өте сирек кездесетін, реликті ағаш түрінің шоғырланумен ерекшеленеді. Мұнда ондай ағаштың үш түрі: Іле жидесі, Іле бөріқарақаты және шаған ерені өседі екен. «Шаған ерені – зәйтүн тұқымдасының шаған туысына жататын, өте ылғал сүйгіш ағаш. Бұл ағаштар өзен арнасына жақын өседі, аумағы 5014 гектар жерді алып жатыр. Ал соғды ерені немесе шағаны – Қазақстаннан басқа тек Америка құрлығында, Невада штатындағы Гранд шатқалында өсетін, жойылып бара жатқан, аса ыждағаттылықпен қорғауды қажет ететін ағаш түрі» дейді бұл жайында ғаламтордағы танымдық деректер.