• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2021

Алматы қаласында 5 дене шынықтыру кешені салынады

450 рет
көрсетілді

Бұқаралық спортты дамыту шеңберінде қала тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 700-ден астам жазық құрылыстар салынды, олар – шағын футбол, баскетбол, волейбол, воркаут және әмбебап балалар алаңдары, деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен қатар Жетісу ауданында «Жекпе-жек орталығы» бірегей жобасы жүзеге асырылды. Спортпен айналысуға арналған ашық мектеп залдары және мектеп стадиондары жаңғыртылды. Оның ішінде 12 мектептің стадионы Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жөнделді. Қаланың аудандарында ашылған баскетбол, футбол секцияларына жаттықтырушылар бөлінді.

Қазіргі уақытта ҚР МСМ Спорт комитетімен бірлесіп балалар мен жасөспірімдерді спортпен жаппай қамту бойынша жаңа бағытты іске асыру үшін қаланы республиканың пилоттық үш өңіріне қосу бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ жан басына шаққандағы мемлекеттік қаржыландыруды барынша аз қамтамасыз ету үшін әдістеме мен нормативтер жасау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау үшін «фокус-топ» құрылды.

Сондай-ақ спорт түрлері бойынша Алматы қаласы құрама командаларының ҚР чемпионаттарына және Алматы қаласында өтетін ҚР қысқы спартакиадасына қатысып, дайындық жүргізуде. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шетсіз қала» жобасы аясында Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары үшін спорт секциялары ашылды.

Биыл мегаполисте 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, аяқталу мерзімі – 2021 жыл. Карантин кезеңінде әртүрлі спорт түрлері бойынша 41 255 онлайн жаттығу ұйымдастырылыды. Оған 150 мыңнан астам адам қатысты.