2021 жылғы ақпан айында 78 кәсіпорнында жұмыскерлердің алдында берешегі бары анықталды, деп хабарлайды Еgemen.kz
«Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 78 кәсіпорнында 1,5 мың жұмыскердің алдында 200,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешегі барын анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 31 нұсқама берілді және 5,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Белгілі болғандай, қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 500-ден астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 130,7 млн теңге төленді.