• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2021

Жүк пойызы 14 қойды қағып өлтірді

152 рет
көрсетілді

«Қопа-Жиренайғыр» аралығында жүк пойызының машинисі темір жол бойында бір отар қойдың болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды. Тоқтап үлгермеуіне байланысты пойыз 14 қойды қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Пойыздың тұрағы 9 минутты құрады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Шамалған станциясында үй жануарларының иесі болып табылатын Алматы облысының 51 жастағы тұрғынын анықтады.

«Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», деді полиция полковнигі.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың қаңтар айында пойыздардың шұғыл тежелуінің 145 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен - 37, теміржол төсемінде малдың болуымен байланысты - 108.