• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2021

Елордада Дүниежүзілік сайлау күніне орай дөңгелек үстел өтті

899 рет
көрсетілді

Елордалық сайлау комиссиясы мен қалалық мәслихат дүниежүзілік сайлау күніне арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік сайлау күні ақпанның алғашқы бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл күн 2005 жылы өткен сайлау ұйымдарының конференциясында бекітілген.

Іс-шараға қалалық сайлау комиссиясының, әкімдік, мәслихат және саяси партия филиалдарының өкілдері қатысты.

«Бұл күн азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге және сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұртшылық назарын аудару үшін арналған. Сол сияқты әлемдік демократия процесін нығайтуға, сайлау туралы түсінікті кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қызығушылығын арттыруға бағытталған», - деді Бақыт Бектемісова.

Елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов таяудағы сайлаудың қорытындыларына тоқталып өтті.

«Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы елордада бес саяси партия өкілдері мен бақылаушылардың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Құқықтық тәртіп пен эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция және ТЖ департаменттерінің қызметкерлері, сондай-ақ дәрігерлер үлкен қолдау көрсетті. Барлық қабылданған шаралардың арқасында сайлаушылардың көптеп келуіне қол жеткіздік», - деді Ерлан Қаналимов.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, сайлау процесін ұйымдастыру саласындағы отандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі шараларды талқылады.