• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2021

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 500-ден астам жұмыскердің құқығын қорғады

121 рет
көрсетілді

1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 78 кәсіпорнында 1,5 мың жұмыскердің алдында 200,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындау үшін міндетті 31 ұйғарым берілді және 5,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 500-ден астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 130,7 млн теңге төленді.