• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2013

Тұрақты жоғары жылдамдықта

336 рет
көрсетілді

 ALTEL 4G жаңа буынының қызметі Астана және Алматыдан кейін үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Қазақстанның тағы да 6 қаласына қолжетімді болды

«Қазақтелекомның» еншілес компаниясы «АЛТЕЛ» АҚ осыдан тура бір жыл бұрын және Қазақстанда бірінші рет жоғары жылдамдықтағы желіге жататын LTE төртінші буынын іске қосты. Мемлекет басшысының тапсырмасы және интернетті халықтың қалың бөлігіне қолжетімді етуді қамтамасыз ететін мәліметтердің кең жолақты берілісін стратегиялық дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын бұл жоба ең алғаш Астана және Алматы қалаларынан бастау алды.

 

ALTEL 4G жаңа буынының қызметі Астана және Алматыдан кейін үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында Қазақстанның тағы да 6 қаласына қолжетімді болды

«Қазақтелекомның» еншілес компаниясы «АЛТЕЛ» АҚ осыдан тура бір жыл бұрын және Қазақстанда бірінші рет жоғары жылдамдықтағы желіге жататын LTE төртінші буынын іске қосты. Мемлекет басшысының тапсырмасы және интернетті халықтың қалың бөлігіне қолжетімді етуді қамтамасыз ететін мәліметтердің кең жолақты берілісін стратегиялық дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын бұл жоба ең алғаш Астана және Алматы қалаларынан бастау алды.

Жоғары технологиялық дебют өте сәтті болып шықты. Бір жылдың ішінде 100 мыңға жуық абонент әлемдегі ең заманауи байланыстың 4G стандартына көшті. Оның үстіне 2013 жылғы әр ай сайынғы өсу қар­қынын есепке алатын болсақ, қызметтің бұл түріне абоненттер сұранысы өте жоғары екендігін көреміз. Жаңа жылға 10 күн қалғанда, яғни 20 желтоқсанда «АЛТЕЛ» АҚ Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент және Қарағанды секілді 6 облыс орталығында LTE желісін коммерциялық пайдаланудың бас­талғандығын жариялады. Компания 2015 жылдың басында 4G технологиясымен LTE желісін 50 мыңнан астам тұрғыны бар барлық елді мекендерге жеткізуді жоспарлап отыр. «Жарияланған статистикалық деректерге қарағанда, өткен қазан айының соңында әлемдегі LTE желісіне қосылған абоненттердің саны 135 млн. деңгейінде қалыптасқан. Мұн­дағы негізгі үлес АҚШ, Оңтүстік Ко­рея және Жапония елдеріне тие­сілі. Дегенмен, Қазақстанда қалып­тасып отырған қазіргі қарқын дең­гейі көкірекке мақтаныш пен өршілдік сезімін туғызатындай. GSM Association мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылдың тамыз айында LTE-ні енгізген операторлардың 85 пайызы LTE абоненттерінің санын 50 мыңға жеткізе алған жоқ. Ал «АЛТЕЛ» болса, тек екі қала­ның өзінен ғана осы сегменттің 100 мыңға жуық абоненттік базасын қалыптастыра білді», деген «АЛТЕЛ» АҚ вице-президенті, LTE желісінің коммерциялық директоры Ирина Савинаның дәлелді сөзі компанияға деген сенімділікті одан әрі арттыра түсті.

Жоғары жылдамдықтағы интернет табынушыларының басты дәлелдеріне назар аударатын болсақ, LTE желісінің 3 G желісінен орта есеппен алғанда 10 есе жылдам екендігіне көз жеткіземіз. Өйткені, ALTEL 4G қызметін пайдаланушы абоненттерге мәліметтердің берілу жылдамдығы секундына 100 Мб дейін жеткізілетін болады. Мұндай жылдамдық online режімінде телебағдарламалар, фильм­дер көріп, хабарлар, фотобейне, мәтіндік ақпараттар пакеттерімен алмасуға мүмкіндік береді. Сервиске қолжетімділікті 4G кодтайтын: планшет, USB-модем және интернетті 10 құрылғыға дейін тарата алатын мобильдік Wi-Fi роутері қамтамасыз ететін болады. Айтпақшы, Қазақ­станда LTE желісі 1800 Мгц диапа­зонын­да жұмыс істейді. Жаңа жыл қарсаңында «АЛТЕЛ» өз өмірінің сапасын өзгертуді арман ететін жандарға «Welcome pro» акция­сы бойынша өте тартымды бағамен құрал-жабдықтарды ұсына алады: Huawei 3272 USB-модемін - 4900 теңгеге және Huawei 5372 Wi-Fi мобильдік роутерін бар болғаны 9900 теңгеге сатып алуға болады. Сатып алынған құрал-жабдыққа компания бір айға 99 Гб интернет-трафигін сыйақы есебінде ұсынады. Акция аяқталғаннан кейін абоненттер өз көңілдері қалаған кез келген тарифтік жоспарды таңдай алады. «АЛТЕЛ-дің» Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы сату орталықтарына асығыңыздар: акция 2014 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.

Сондай-ақ, LTE желісін ком­мерциялық іске қосуға байланысты «АЛТЕЛ» АҚ 20 желтоқсаннан бастап Ақтау, Атырау, Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалала­рында JET тарифтік ұсынысын сатуды тоқтатады. Компания JET абоненттеріне арналған ALTEL 4G-ге жеңілдікпен көшуге ұсыныс жасайды. Мәселен, JET абоненттері өздерінің 3G USB-модемін 4G қолдайтын модемге бар болғаны 550 теңгеге айырбастай алады – бұл ұсыныс 2014 жылдың 31 қаңтарына дейін әрекет етеді. Ауысуды рәсімдеу және құрал-жабдықтарды ауыстыру үшін абоненттер «АЛТЕЛ» АҚ-тың Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларындағы Сату және қызмет көрсету орталықтарына хабарласуы қажет. EVDO желісін сөндіру 2014 жылдың 1 ақпанына жоспарланған.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар