• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тағайындау 05 Ақпан, 2021

Алматы облысының қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

255 рет
көрсетілді

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасұлан Тоққожаұлы Естенов Алматы облысының қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасұлан Тоққожаұлы Естенов 1971 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушы экономисі мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында «Мадияр» шағын кәсіпорнында бухгалтер болып бастады. Әр жылдары Алматы қаласы Медеу, Алмалы аудандары бойынша Салық комитеттерінде салық инспекторы, Алматы қаласы Алмалы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Қаржы департаментінің бөлім басшысы, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың қаңтар айынан – Алматы қаласындағы «Ер-Ай Инвест» ЖШС директорының кеңесшісі.