Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі күн ішінде 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдын алу іс-шарасын өткізудің негізгі мақсаты – ұзақ уақыт облыс аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын, сондай-ақ, жол жүру билеттерін сатып алуда қаржылық қиындықтарға тап болған шетел азаматтарын анықтау болып табылады. «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын еліміздің 45 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.