Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тасқын қаупі барынша көп өңірлерді атады, деп жазады Egemen.kz
«Тасқын қаупі бар аймақтар деп орталық пен солтүстіктегі облыстарды, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарын айтуға болады. Жалпы қауіпті елді мекендердің саны былтырғымен бірдей. Оның бәрін аймақ-аймақ бойынша бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі күнде қауіп жоқ», деді ол.