• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2021

ШҚО-да қар құрсауында қалған стансаға азық жеткізілді

185 рет
көрсетілді

Кейбір елдімекендерде қалың қардан аяқ алып жүру мүмкін болмай қалды. Глубокое ауданы, Аврора стансасының тұрғындары қалың қардан шыға алмай, жергілікті әкімдіктің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олар қар құрсауында қалған стансаға азық-түлік пен медициналық препарат керектігін айтқан. Қол ұшын беруге төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Краснояр ауылдық округі әкімдігінің мамандары жолға шыққан.

Мамандар медициналық препараттар мен азық-түлік жеткізіп ғана қойған жоқ, аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері тұрғындар арасында медициналық тексеру де жүргізді. Сондай-ақ, аудан басшылығы алыстағы Аврора стансасының тұрғындары алдағы уақытта да назарда болатынын айтты.