• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Ақпан, 2021

Атырауда сапасыз жолды қайта жөндеуге 11 млн теңге жұмсалды

314 рет
көрсетілді

Атырау облысында былтыр «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары өңірдегі республикалық маңыздағы автожолдарға 626 рет тексеріс жүргізді.

«Жол құрылысы материалдарынан 526 мәрте сынама алынды. Оның қорытындысымен 9 сынаманың стандарттарға сәйкес еместігі, сондай-ақ, 115 түрлі кемшілік анықталды. Кемшіліктерды жою үшін жол жабындысы ауыстырылып, жалпы құны 11 млн 236 мың теңгенің жұмысы орындалды.

Қазір өңірлік филиал қысқы маусымда республикалық жолдарда тайғаққа қарсы, сондай-ақ «Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы автомобиль жолын қайта жаңғыртуға пайдаланылатын материалдар сапасын тексеру жүргізілуде» деп хабарлады филиалдың баспасөз қызметінен.