М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев селосының маңында ішімдік ішкен ВАЗ-21099 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Volvo ауыр жүк көлігіне соқтығысып, нәтижесінде жеңіл машинаның жолаушысы қаза болды. Ал 1989 жылы туған екінші жолаушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Медициналық куәлендіру ВАЗ-21099 көлігі жүргізушісінің масаң күйде болғанын көрсетті.
Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша енгізілді. ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі ҚПК 128-бабы бойынша уақытша қамау оқшаулағышына қамалды.
Жалпы, 2021 жылғы қаңтар айында СҚО жолдарында 6 жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде бір адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды.
Солтүстік Қазақстан облысы