• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Ақпан, 2021

Головкин көктемде жапониялық боксшымен кездесуі мүмкін

172 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшының командасы келіссөз бастап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі кездесуін әлем чемпионына қарсы өткізеді, деп хабарлайды RingPolska басылымы. Басылымның жазуынша, қазақстандық боксшы орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізу үшін келіссөз бастаған. Кездесу 2021 жылдың көктемінде Жапонияда өтуі мүмкін.