• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2013

Оңтүстікте әскери қызметкер көшеде гранатамен ұсталды

230 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласының көшесінде әскери қызметкердің сөмкесінен граната табылды. Бұл туралы «Караван» газеті жазды.

Жергілікті жердегі Жанкелдин көшесі бойында жүрген белгісіз 3 азаматтың суыт жүрісі туралы хабар полиция бөліміне келіп түсті. Құқық қорғау қызметкерлері оларды тексеру барысында әскери қызметкердің сөмкесінен граната тәркілеген. Артынан оның танк взводоның командирі екені анықталды.

Әзірге құқық қорғау қызметкерлері ұсталған күдіктілердің есімін жариялаған жоқ. Тек олар әлгі сөмкенің ішінде ганатамен бірге қолғаптың және медицинада қолданатын бет перденің болғанын айтты.

Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондықтан нақты қорытынды жасау әлі ертерек.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Караван»

Фото: «Караван».

Соңғы жаңалықтар