• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Ақпан, 2021

Филиппинде 5,7 баллдық жер сілкінісі болды

158 рет
көрсетілді

Минданао аралының жағалауында 5,7 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы республиканың вулканология және сейсмология институты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған институт мәліметіне сәйкес, жер дүмпуінің эпицентрі Шығыс Давао провинциясындағы Минданао аралынан солтүстік-шығысқа қарай 211 км жерде орналасқан, тереңдігі 44 км. Мамандар бұл аймақта жер асты дүмпулерінің қайталану ықтималдығының жоқтығын айтты. Цунами қаупі жоқ.