Reuters ОАР Үкіметінің ағылшын-швед фармкомпаниясы шығарған вакцинаның осы елде анықталған вирус штаммына қарсы қауқары соншалықты емес деген ойға келгенін хабарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz
ОАР Денсаулық министрі Звели Мкхизе: «Зерттеулер бұл вакцинаның аталған штаммға қарсылығы төмен дәрежені көрсетті, сондықтан екпе салуды тоқтата тұрамыз. Сол себептен өндіруші компаниядан осы жайтқа қатысты ұсынымдар күтеміз, AstraZeneca бұл жайында хабарланды», деп вакцинацияның елде тоқтамайтынын келесі аптадан бастап төрт жұманың ішінде Johnson & Johnson мен Pfizer жеткізілетінін күтіп отырғанын, онымен ең алдымен медицина қызметкерлері қамтылатынын жеткізді.
Зәңгі жұрты негізінен зерттеу қортындылары шықпастан бұрын вакцинаның 1 млн дозасын сатып алған екен, ал оның оңтүстікафрикалық штаммға деген тиімсіздігі 7 ақпанда белгілі болды. Financial Times басылымы 2 мың адамға жасалған вакцина қортындысын жария еткен соң ОАР-ның үкіметі халқын тиімсіз екпеден қорғамақ ниетте осындай қадамға барды.
Мақалада вакцинаның ауруды жеңіл және орта дәрежеде жұқтырулар бойынша қорғауы мардымсыз екені көрсетіліп, ал ауыр түрімен және дүние салу деректері бойынша зерттеулер жүргізілмегені айтылыпты.