• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Тағайындау 08 Ақпан, 2021

Петропавлдағы Қозыбаев университетінің ректоры тағайындалды

822 рет
көрсетілді

Петропавлдағы Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректор қызметіне Ерлан Шуланов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған республикалық комиссияның шешімімен Ерлан Шуланов Қозыбаев университеті басқарма төрағасы-ректоры лауазымына тағайындалды.

Ғылыми кеңес отырысында оны университет ұжымына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов таныстырды.

Ерлан Нұрлыбекұлы Шуланов 1984 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Еуразия Ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. МВА магистрі дәрежесі бар.