• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2021

Шымкенттегі онкологиялық орталықта пэт аппараты орнатылады

256 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта қатерлі ісікті ерте сатысында анықтайтын теңдесі жоқ құрылғы орнатылмақ. Заманауи позитронды-эмиссионды томография (ПЭТ) аппараты мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қолға алынған. Бұл жоба Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен «МедИнвестГруп Казахстан» ЖШС-і арасында түзілген келісімдерге сәйкес жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл – онкологиялық науқастарды диагностикалау және емдеудің жаңа технологиялық әдісі. Яғни, көзге көрінбейтін және басқа да әдістермен байқалмайтын қатерлі ісіктерді табады және ағзаға жанама әсерсіз саналы емдейді. Онкологиялық аурулардың пайда болуын ерте сатысында анықтап, науқастардың өмір жасын ұзартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда бұл қондырғылар Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында ғана бар.ПЭТ-орталықта жылына 3549 адам қатерлі ісік дерті көрсеткіштері бойынша тексеруден өтіп, ем қабылдай алады.

Инвестор аппаратты орналастыру, оны күтіп-ұстау, персоналды оқыту міндеттемелерін өз жауапкершілігіне алып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл қадам Шымкенттің келешекте аймақтағы ірі медициналық орталық ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Айта кету керек, аталған жоба кепілдендірілген тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі арқылы іске асады.