• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеудегі ресейлік қылмыскер ұсталды

105 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясының 58 жастағы азаматы «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Күдікті 2006 жылы телефон арқылы зорлық-зомбылық көрсетем деп қорқытып, Ресей азаматынан үлкен мөлшерде ақша талап еткен. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Омбы облысының ІІБ осы дерек бойынша РФ ҚК 330-бабымен қылмыстық іс қозғаған.

2019 жылдың 28 ақпанынан бастап бұл азаматқа мемлекетаралық іздеу жарияланды. Елорда көшелері мен қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елорда аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы өткізілді.

Полиция қызметкерлері шетел азаматтары заңсыз жүруі мүмкін орындарды, құрылыс нысандарын, адам көп жиналатын жерлерді тексеріп жатыр. Шара басталғаннан бері шетелдік азаматтардың Қазақстанда жүріп-тұру ережесін бұзудың 150-ден астам фактісі анықталды, халықаралық іздеуде жүрген үш шетелдік азамат ұсталды.