• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2021

Павлодар облысында қатты жел мектептердің шатырын жұлып әкетті

1154 рет
көрсетілді

Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

- Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне сағат 12-00-де шатырдың бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында қатты желдің салдарынан Е.Бекмаханов атындағы үш қабатты ЖОББМ ғимаратының 60 шаршы метр шатыры ішінара бұзылды, - дейді ведомствода. 

 Оқиға орнында 1 қызметкер және 1 техника жұмыс істеді.Сондай-ақ, 13 сағат 30 минутта Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында қатты желдің екпіні 58 шаршы метр алаңда № 3 ЖОББМ екі қабатты ғимаратының шатырын жұлып әкетті. Оқиға орнына жеке құрамнан 2 адам және 1  техника шықты.