• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Білім 09 Ақпан, 2021

Бес тіл үйрететін курс

414 рет
көрсетілді

Қазақтың құбылысқа айналған көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әли «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деуші еді. Әрине, ана тіліңді жетік меңгергенге не жетсін. Осы орайда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тың бастаманы қолға алды. Бұл – аталған оқу орнында білім алатын шетелдік студенттерге бес тілді үйрететін арнайы курс.

– Біздің бастамамызды іске асыруға облыс әкімдігі қолдау біл­­дірді. Ал шетелдік студенттер үшін ашылған курста қазақ, ағыл­шын, орыс, түрік және қытай тілін үй­рету көзделіп отыр. Бұл бас­тамаға Каспий маңы елдеріндегі жоғары оқу орындарының мамандары да, атыраулық ерікті студенттер де атсалысады. Басты мақсат – Қа­зақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі деңгейіне көтеру тапсырмасына үлес қосу. Әсіресе шетелдік сту­дент­тердің қазақ тілін терең мең­геруіне жол ашылады, – дейді Сала­мат Идрисов.

Ректордың айтуынша, же­ті жұрттың тілін меңгерген Алаш қайраткерінің есімін иелен­ген уни­верситетте 200-ден астам шет­елдік сту­дент оқиды. Олар­дың басым бөлігі – Ресей Феде­рациясындағы Астрахань облысының тұрғындары.

Ал облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әсия Қыс­таубаеваның пікірінше, әкімдік тарапынан қазақ тілінің халықаралық қатынас тілі ретінде кең қанат жаюына қолдау көрсетіледі. Өйткені мұндай бастама шетелде тұратын қандастарымыздың ана тілін мең­геруіне септігін тигізеді.

– Осыған байланысты облыстық тілдерді дамыту басқармасы аталған курста қолға алынған тәжірибе не­гізінде әдістемелік құралдар да­йын­­дауды көздеп отыр. Себебі мұн­­дай талап Тілдерді дамыту мен қол­­данудың мем­лекеттік бағдар­лама­сында айқын көрініс тапты, – дейді Әсия Қыс­таубаева.

 

Атырау облысы