Қытай халқы ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Осы ретте Бейжің темір жол вокзалында мерекені жақындарымен атап өтуге асыққан кісі көбейді.
Былтыр соның салдарынан вирус елдің өзге өңірлеріне тарап кеткен еді. Сондықтан билік биыл ондай жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылдады.
Мәселен, тұрғындардың қолында коронавирусқа тапсырған тест нәтижесі болмаса, пойызға мінбейді және өзге провинция аумағына өте алмайды. Ал шенеуніктерге тіптен саяхттауға тыйым салынған.
Айта кетсек, Қытайда Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл 12 ақпанда басталады.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ