• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Ақпан, 2021

Британ парламентінде Орталық Азиямен ынтымақтастық мәселесі талқыланды

135 рет
көрсетілді

Британдық Парламентте Құрама Корольдіктің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын кеңейту мәселелеріне арналған онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кездесуді ең ықпалды парламенттік бірлестіктердің бірі – Парламентаралық одағының Британдық тобы (ПОБТ) ұйымдастырды. Пікіралмасудың модераторы британ Парламентінің Қауымдар палатасының мүшесі және ПОБТ қазынашысы Алекс Собель болды.

Кездесуге британ Парламентінің 20-ға жуық мүшесі, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық парламенттік тобының төрағасы Боб Стюарт, сондай-ақ Құрама Корольдікте аккредиттелген Орталық Азия елдерінің елшілері қатысты.

Қазақстан Елшісі Ерлан Ыдырысов биылғы жыл Қазақстан Республикасы мен басқа да Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы екендігін айтты.

Отандық дипломаттың айтуынша, осы жылдар ішінде еліміз өзін әлемдік қоғамдастықтың сенімді серіктесі ретінде көрсете білді. Ол сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан, елдің саяси институттарын одан әрі демократияландыруға және дамытуға бағытталған саяси реформалар мемлекеттің ұдайы эволюциялық дамуы бағытының жалғасы екенін негізге алды.

Экономикалық реформалар туралы айта келе, Е.Ыдырысов ел үшін басымдық ресурсқа тәуелділіктен арылу мақсатында экономиканы одан әрі әртараптандыру болып табылатынын атап өтті. Бұл тұрғыда аумағында британдық құқық нормалары қолданылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Қазақстан аумағында танылған халықаралық қаржы және сауда хабын дамыту үшін стратегиялық құрал, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасын қоса алғанда, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін маңызды демеу.

Парламентаралық одағының Британдық тобы 1889 жылы құрылған. Топ миссиясы – Ұлыбританияның халықаралық қатынастарын кеңейтуге, сауда мен тұрақты экономикалық дамуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың тиімді жаһандық тетіктеріне парламенттік қолдау көрсетуге бағытталған.

Топтың құрамына Ұлыбританияның барлық саяси партияларын өкілдік ететін Қауымдар палатасы мен Лордтар палатасының депутаттары кіреді.