Соңғы рет Brent бағасының мұндай деңгейде болуы 2020 жылдың 7 қаңтарында тіркелген еді, деп жазады Egemen.kz
Ақпан айында күшіне енген ОПЕК+келісімі шикізат бағасының өсуіне себеп болып отыр.
Лондондағы ICE биржасында Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,76%-ға өсіп, 61,02 долларға жетті. WTI сұрыпты мұнайдың құны 0,63%-ға қымбаттап, қазір бір баррелі шамамен 58,2 долларға саудаланып жатыр.
Ақпан айында күшіне енген ОПЕК+ келісімі шикізат бағасының өсуіне себеп болып отыр. Құжат бойынша кейбір елдер бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 1,425 миллион баррельге қысқартуға тиіс. Оның миллионы Сауд Арабиясына жүктелген.