Жалпы, 2009 жылдан «Богатырь Көмір» ЖШС қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ пен компания акциясы пакетінің 50 пайызын иеленген ресейлік РУСАЛ компаниясымен бірлескен кәсіпорынға айналды. Яғни, акционерлердің бірлескен шешіміне сәйкес, компанияны басқару әр бес жыл сайын ауысып отырады. Белгіленген кезең аяқталып қалды, енді алдағы 2014 жылдың қаңтарынан бастап кәсіпорын «Самұрық-Энерго» АҚ басқаруына өтеді.
Жалпы, 2009 жылдан «Богатырь Көмір» ЖШС қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ пен компания акциясы пакетінің 50 пайызын иеленген ресейлік РУСАЛ компаниясымен бірлескен кәсіпорынға айналды. Яғни, акционерлердің бірлескен шешіміне сәйкес, компанияны басқару әр бес жыл сайын ауысып отырады. Белгіленген кезең аяқталып қалды, енді алдағы 2014 жылдың қаңтарынан бастап кәсіпорын «Самұрық-Энерго» АҚ басқаруына өтеді.Бұл күндері «Самұрық-Энерго» АҚ еліміздегі көмір, электр қуатын өндірумен және таратумен айналысатын, сондай-ақ, тұтынушыларға сатуды қолға алып отырған іскерлік жүйелері жан-жақты жұмыс істейтін компанияға айналып отыр. «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Виктор Щукиннің айтуынша, бірлескен кәсіпорынның үлесіне елімізде өндірілетін энергетикалық шикізаттың 40 пайызы тиесілі. Көмір өндіру көлемі жағынан еліміздегі 30 озық кәсіпорынның қатарына қосылды. Жыл сайын «Богатырь» кеніші 40 миллион тоннадан астам көмір өндіреді. Келер жылдары яғни, алдағы онжылдықтың соңына дейін біздің еліміз Ресейдің электр стансаларына 50 миллион тоннадан астам көмір жеткізбекші. Осындай үлкен мақсат кеніште еңбек етіп жүрген әрбір кенші еңбегіне жігер, сенім қосары сөзсіз. Ал «Самұрық-Энерго» АҚ болашақта еуразиялық маңызы бар бәсекеге қабілетті электр қуатын өндіретін алып энергетикалық холдинг, яғни осы салада Ұлттық оператор болуды жоспарлап отыр. Өйткені, мұндай үлкен мақсаттарға жету үшін «Самұрық-Энерго» АҚ біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар, өзге елдерде де көмір шығару және өндіру бойынша өндірісті дамытуға ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар жасады. Қазір екібастұздық кеншілер алдында «Богатырь» және «Шығыс» кеніштерінде көмір өндірудің озат, инновациялық технологияларына көшудің және көмір өндіру тәсілдерін жаңарту жобалары күтіп тұр. Бұл жылына 16,0 миллион тонна көмір өндіру деген сөз. Аталған жетістікке өндірістік қуатты нығайту арқылы жетпекші. Байқап қарасаңыз, қазір еліміздің күнделікті тыныс-тіршілігінде қуат көздеріне қажеттілік қарқынмен өсуде. Сондықтан, «Богатырь Көмір» компаниясы да осы қажеттілік үдесінен шықпақшы. Мысалы, алдағы жылдары Екібастұз МАЭС-1 стансасының қуаттылығын қайта құруға арналған жұмыстар аяқталады, Екібастұз МАЭС-2 стансасы (акционерлерінің бірі Ресейдегі «РАО ЕЭС» АБҚ болып табылады) №3 энергоблокты іске қоспақшы. Сол кезде бұл стансалардың көмірге деген қажеттіліктері бір жылда 18 миллион тоннаға дейін жетеді. Бұған Астана, Қарағандының жылу электр стансаларының қуаттылығын қосыңыз. Тіпті, құрылысы Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағасынан бастау алатын «Балқаш жылу электр орталығы да екібастұздық «Богатырь» үшін көмір сатудың жаңа бір нарығына айналады. Жыл сайын Балқаш жылу электр орталығына 9 миллион тонна көмір жеткізіледі. Сөйтіп, 2020 жылға дейін еліміздің индустриялық картасында «Богатырьдың» көмірін тұтынатын өзге де энергетикалық қуатты кәсіпорындар қатары да көбейе түседі. Жалпы, «Богатырь» кеніші үнемі жаңғыртылып жаңартудан өтіп отырмақ. Бұл күндері мұнда көмір өндіру 280 метр тереңдікте жүргізілуде. Кеншілер үшін бұл көмір тиеудің мөлшерін өсіруде әрі техниканың өндірістік өнімділігін төмендетеді, өнімнің бағасына да теріс әсерін тигізеді. Сондықтан, 2016-2018 жылдар аралығында кәсіпорын көмір тасымалын жақсартудың циклді-арналы технологиясына көшпек. Алдағы жылдары энергетиканың көмірге деген қажеттілігі өсе береді. Осыған сай, кәсіпорында «Шығыс» кенішін кеңейу, жаңғырту жобасының жұмыстары басталып та кетті. 2020 жылдан соң бұл кеніштің қуаттылығын 8 миллион тоннаға дейін өсіретін циклді-арналы технологиялық жүйе енгізіледі. Осының есебінен «Богатырь Көмір» компаниясының жалпы өндірістік қуаттылығы жылына 58 миллион тонна көмірге жетеді. Әрине, қазір көмір нарығы тұрақты емес, оның маусымдық өзгерістері де бар. Мысалы, 2008 жылы кәсіпорын тұтынушыларға – 46,2 млн. тонна, 2009 жылы – 35,4 млн.тонна, 2010 жылы – 38,7 млн.тонна, 2011 жылы – 40,1 млн.тонна, 2012 жылы – 44 миллион тонна көмір жіберді. Ал, биыл кәсіпорын Ресейдің электр стансаларына 41,5 миллион тонна көмірді жібермекші. Кәсіпорынның дамуы өндірісті жаңартуға, жаңғыртуға, жаңа технологияға байланысты. Қазір «Богатырь Көмір» ЖШС роторлы және бір шөмішті экскаваторларды жаңарту жобасын аяқтады. Компания әлемдік өндірушілердің көмір кеніштеріне арналған автоаударғыштар сатып алды. Кеніштерде «Caterpillar», «Komatsu» және «БелАз» сияқты машиналардың 27 бірлігі жұмыс жасайды. «Богатырь Көмір» ЖШС экологиялық қоршаған ортаны қорғауға байланысты көп көңіл бөлуде.
Келесі келген бағытымыз – Екібастұздағы Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1 стансасы. Электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын жылу электр стансасының белгіленген қуаттылығы 4000 МВт. Бұған дейін оны теңдей үлеспен «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен «Қазақмыс Тобы» иеленіп келді. Жуырда Қазақмыс тобы Екібастұз МАЭС-1 мен «Қазгидротехэнерго» ЖШС-дегі үлесін сату туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-пен келісімге қол қойды. Оның жалпы құны 1,3 млрд. долларды құрайды.
Ал келісім «Қазақмыс» тобының тәуелсіз акционерлері мен еліміздің мемлекеттік органдарының басым бөлігі қолдау көрсеткен жағдайда ғана жасалатын көрінеді. Бұл келісім Екібастұз МАЭС-1 стансасы мен «Қазгидротехэнерго» ЖШС-ге бастапқы инвестициялардан пайда табу мүмкіндігін береді. Станса Екібастұздың тас көмірін пайдаланады. Өндірген электр энергиясының басым бөлігі еліміздің энергетикалық нарығында таратылады. Ал бүгінде бұл стансада жалпы құны 1 млрд. АҚШ долларынан асатын Қазақмыс тобы мен «Самұрық-Энерго» АҚ-тың ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама іске қосылмай тұрған екі энергоблокты қалпына келтіруді және қолданыстағы бес энергоблокты, жалпы, стансалық жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізіп, жаңартуды, тазартушы электр сүзгілерін орнатуды көздейді.
Ал жаңарту мен жобалық қуаттылықты қалпына келтіру кестесі 2016 жылға дейін жасалған. Бұл бағдарламаның жалпы құны 280 млрд.-тан астам теңгені құрайды. Қазіргі уақытта екі энергоблок та қалыпты жұмыс істеуде. Бұдан басқа екі энергоблок қосалқы әзірлікте тұр. Негізінде стансадағы барлық 6 энергоблок жұмысқа кіріскенде 3000 МВт қуаттылыққа жетеді. Биылғы жылдың 9 айы ішінде МАЭС-1 стансасында 10 032 млрд. кВт сағат электр энергиясы өндіріліпті. Қазіргі кезде отынның қоры 465 357 тонна көмірді, 1771 тонна мазутты құрайды. Жыл аяғына дейін тағы да 1 500 тонна мазут сатып алынбақ. Сонымен бірге, № 4, 6 және 8 энергоблоктары жөнделді. №8 энергоблок өткен жылы стансаға 15 млрд.-тан астам киловатт сағат электр энергиясын өндіріп шығаруға мүмкіндік берді. Станса мамандарының айтуынша, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 13,15 пайызға артық. Ал, №5 және №3 энергоблоктарына электр сүзгілері орнатылса, №7 энергоблокта күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен бірге, №2 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстары мерзімінен бұрын басталды. Бұл энергоблокта қазандық жабдықтары, турбина, генератор айырбасталады, қосалқы жабдықтар қалпына келтіріледі, электрлі сүзгілер орнатылады. Жоспарлы шығындар құны 61,5 млрд. теңгені құрайды.Тиімділігі жоғары болатын ауа тазартушы екі электр сүзгінің орнатылуы ауаға таралатын зиянды заттардың ауқымын қысқартады. Заманауи электр сүзгілер стансада жұмыс істеп тұрған барлық энергоблоктарда орнатылды. Оларды күзгі-қысқы кезеңге даярлау үшін стансада 64 іс-шарадан тұратын бағдарлама іске асырылды.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.