Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігіне өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бүгін өзінің тұсаукесер кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Жерлесіміз Слоан Стивенспен шеберлік байқасты. 27 жастағы АҚШ-тың өкілі осыдан екі жыл бұрын ғана WTA рейтингінде үздік үштіктің қатарында болған.
2017 жылы ол АҚШ-тың ашық біріншілігінде жеңімпаз атанса, 2018 жылы Ролан Гарростың финалында ойнады. Міне, осындай сақа спортшыға Юлия Путинцева сан соқтырды. Есеп - 4:6, 6:2, 6:3.